«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, бюрократияның алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және бюрократияның алдын алу, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Раева жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 05.09.2022, 09:00
- 05.09.2022, 18:30
Қалман Нурлыбай 05.09.2022, 16:42, Сұрақ нөмірі: 11265
Сәлеметсізбе, атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті қалай беремін?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.September.2022, 17:33
Құрметті Қалман Нурлыбай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы сәйкес «АСП»-ға, яғни «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке» өтінішті egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы қалдыра аласыз. Ол үшін egov.kz порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, басты бетіндегі «Электрондық өтініштер» бөлімін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет. Келесі ашылған беттегі ұяшықтарға қажетті ақпараттарды енгізіп «Жіберу» батырмасын басу қажет.