«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, бюрократияның алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және бюрократияның алдын алу, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Раева жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 05.09.2022, 09:00
- 05.09.2022, 18:30
Паразбекова Сарсенкул 05.09.2022, 16:42, Сұрақ нөмірі: 11266
Сәлеметсізбе, жыл сайынғы берілетін санаторийге емделу жолданымдарына қалай өтініш тапсыруға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.September.2022, 17:34
Құрметті Паразбекова Сарсенкул, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу үшін келесі қадамдарды жасау қажет: 1. Egov.kz порталында авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 1.Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). 3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. Қызмет көрсету нәтижесі: Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама. Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күн. Қызмет құны тегін.