«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, бюрократияның алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет және бюрократияның алдын алу, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Раева жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 05.09.2022, 09:00
  • 05.09.2022, 18:30

Қалмет Әлия 05.09.2022, 16:43, Сұрақ нөмірі: 11267

  • 0

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда оларға қандай жауаптылық қарастырылған?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.September.2022, 17:34

Құрметті Қалмет Әлия, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.