«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы»

«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 08.09.2022, 10:00
  • 08.09.2022, 17:00

Тайбек Айгерім 08.09.2022, 10:34, Сұрақ нөмірі: 11273

  • 0

Еңбек жеке тұрғын үй ауданына электр және ауыз су желісін жүргізу қай жылға қаралған?

Қызылорда облысы 08.September.2022, 10:44

2022 жылдың II тоқсанында аталған Еңбек ауданының электр желілерінің құрылысына республикалық бюджеттен 73,2 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылысы басталуда. Жыл соңына дейін осы тұрғын үй ауданына 7,2 шақырым электр желісі жүргізіліп, баспаналар тұрақты электр торабына қосылатын болады. Ал ауыз су мәселесіне келсек, құрылысына қажетті қаржы осы жылға республикалық бюджеттен сұралуда. Ауыз су желісінің құрылысы осы жылы басталып, 2023 жылы толық іске қосылатын болады.