«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы»

«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 08.09.2022, 10:00
  • 08.09.2022, 17:00

Нұртазаев Нұрбол 08.09.2022, 11:07, Сұрақ нөмірі: 11274

  • 0

2022 жылы қаламыздағы СПМК-70 ауданында «Отбасы банкінің» салымшыларына тұрғын үйлер берілуде. Осындай тұрғын үйлер құрылысы алдағы жылдары да жүргізіледі ме?

Қызылорда облысы 08.09.2022

2022 жылы СПМК-70 тұрғын ауданында 50 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, «Отбасы банкінің» салымшыларына кезектілікке сәйкес пайдалануға берілуде. Сондай-ақ 2023 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 тұрғын үй ауданынан 470 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үйдің құрылысын толық аяқтап, «Отбасы банкінің» салымшыларының игілігіне беру жоспарлануда.