«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы»

«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 08.09.2022, 10:00
  • 08.09.2022, 17:00

Алмаганбетова Жадыра 08.09.2022, 16:40, Сұрақ нөмірі: 11276

  • 0

Не себепті тұрғын үй ғимараттарының сыртқы келбеті қызыл қыштан және бес қабатты, бір типтік болып келеді?

Қызылорда облысы 08.September.2022, 16:52

Қаламыздың бекітілген бас жоспары негізінде 7 аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілген. Сол жағалауды игеру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралып жоспарланған. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күні жалпы сол жағалауымыз бойынша Жастар орталығы, Қазақ орталық атқару комитетінің үлгісіндегі музей, Болашақ университетінің кампусы, 320 орындық балабақша, 720 орындық «Orda school» мектебі, «Транстелеком» акционерлік қоғамының ғимараты, әкімшілік ғимарат және 5 қабатты 60-тан аса тұрғын үй бой көтеріп халық игілігіне пайдалануға берілген. Ғимараттар бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес ораналасуда. Ендігі кезеңде жоспарланған жобаға сәйкес 7,9,12 қабатты тұрғын үй ғимараттары қарастырылып, бүгінгі күні жоспарға сәйкес ғимараттың сәулеттік келбетіне жаңа заманға сай құрылыс материалдарын пайдалана отырып, жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.