Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы
«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қ.Т. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 12.09.2022, 09:00
- 12.09.2022, 18:00
Арызбаева Балнұр 12.09.2022, 10:00, Сұрақ нөмірі: 11277
Сәлеметсізбе.Аудандық Акиматқа жұмысқа бас маман болып кіру үшін қандай тест тапсырамын ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.September.2022, 10:29
Қайырлы күн! Сауалыңызға рахмет! Қала және аудандық әкімдіктердің дербес бөлімдерінің бас маманы болуы үшін үшінші бағдарламамен тестілеуден өтесіз. Үшінші бағдарламаC-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және ҚР 7 заңнамалық актілері бойынша жалпы 100 сұрақтан 50 балды жинауы қажет. Егерде тестілеуден төмен баға жинасаңыз 15 күн өткеннен кейін кері жазылуға құқығы бар. Ал, Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден оң нәтиже жинағаннан кейін, жеке қасиетін бағалау тестілеуінен өтеді. Жеке қасиеттерін бағалаудан шекті 50% ды жинау қажет.