Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қ.Т. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 12.09.2022, 09:00
  • 12.09.2022, 18:00

Талғат Аружан 12.09.2022, 10:05, Сұрақ нөмірі: 11278

  • 0

Сәлеметсізбе! Мемлекеттік қызметке орналасуға конкурстардың ашықтылығын қамтамасыз ету үшін қандай жағдайлар жасалған?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.September.2022, 10:32

Қайырлы күн, сұрағыңызға рахмет! Мемлекеттік қызметке орналасуға өткізілетін конкурстардың ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етсе болғаны. Бұдан кейін байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады. Ал сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады. Бұл жерде, байқаушылардан айырмашылығы сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қоя алады және конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.