Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қ.Т. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 12.09.2022, 09:00
  • 12.09.2022, 18:00

Ұланов Бауыржан 12.09.2022, Сұрақ нөмірі: 11281

  • 0

Менің Текелі қаласында нысаналы мақсаты тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған жерім бар еді. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп жатыр. Осы себепті, мен аталған жер учаскемнің нысаналы мақсатын коммерциялық мақсатқа өзгертіп, кәсіпкерлік қызметпен айналасуды шешітім. Осыған байланысты, жердің нысаналы мақсатын өзгерту үшін қандай мемлекеттік қызметті пайдалануыма болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.09.2022

Қайырлы күн, сұрағыңызға рахмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін Текелі қаласы әкіміне «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беріледі және мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.