Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы
«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қ.Т. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 12.09.2022, 09:00
- 12.09.2022, 18:00
Баяхметов Айтемир 12.09.2022, 15:03, Сұрақ нөмірі: 11282
Қайрлы күн, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері қалай бөлінеді және процедура қалай реттеледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.September.2022, 16:31
Қайырлы күн, қалалар мен аудандардың әкімдіктері қолда бар жерлерге тексеру жүргізеді және азаматтарға бөлуге болатын учаскелердің тізімін дайындайды. Тізімдер әкімдіктердің сайттарында кезең-кезеңімен жарияланады, немесе оларды әкімдіктен немесе жер қатынастары басқармасынан немесе бөлімінен нақтылауға болады. Сондай-ақ, азаматтар өздеріне ұнайтын учаскені өз бетінше таңдауға және оны ұсыну мүмкіндігі туралы әкімдікке жүгінуге құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, ҚР азаматтары және қандастары еркін нысанда учаскенің орналасқан жері бойынша әкімдікке өтініш береді.