«2020-2025 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы»
«2020-2025 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 13.09.2022, 10:00
- 13.09.2022, 17:00
Керуенбаева Куралай 13.09.2022, 10:56, Сұрақ нөмірі: 11283
Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының облыста орындалуы туралы айтып өтсеңіз?
Қызылорда облысы 13.September.2022, 11:01
Облыстың өңдеу өнеркәсібінің жекелеген салаларын дамытатын ірі жобалар Индустрияландыру бағдарламасы аясында іске асырылуда. Бағдарламаның үшінші бесжылдығы аясында облыста құны 654 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 7,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 46 жоба жүзеге асырылу жоспарлануда. Бүгінгі күні құны 47,1 млрд.теңгенің 9 жобасы іске қосылды. Оның ішінде, балық өңдеу екі цехы, түйіршіктелген аммоний сульфаты, тротуар және бордюр, күріш ақтау, ас тұзы, керамзит өндірістері тұрақты өнім шығарып тұр. Ал кварц құмын байыту комбинаты тамыз айынан бастап өнім шығарып, шыны зауытына кварц концентратының бірінші партиясы жіберді. Одан бөлек, ағымдағы жылдың маусым айында қалада бетон зауыты іске қосылып, өнім шығаруда. Биылғы жылы құны 10,4 млрд.теңгені құрайтын 5 жобаның іске қосылуы жоспарлануда – 2 құс фабрикасы, балық өңдеу цехы, үй құрылысы комбинаты және есіктер өндірісі. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп саласына - томат пастасын шығару, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару цехы, бақша дақылдарынан түрлі өнімдер шығару, жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқаны 10 мың гектарға өсіру жобалары бағытталған. Бағдарлама аясындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалқия» кенішінде кен байыту комбинатының құрылысын бастау жоспарлануда. «Баласауысқандық» ванадий кенішінің өнімдері Ұлыбритания, Швейцария, Австрия және Ресейге экспортталуда.