«2020-2025 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы»

«2020-2025 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 13.09.2022, 10:00
  • 13.09.2022, 17:00

Сәбитбекова Әйгерім 13.09.2022, 11:37, Сұрақ нөмірі: 11284

  • 0

Сыр өңірінің тұрғындары асыға күтіп отырған жаңалықтың бірі – шыны зауытының іске қосылуы. Шыны зауыты қашан іске қосылады?

Қызылорда облысы 13.September.2022, 11:47

Үстіміздегі жылдың 9-ші қыркүйегінде шыны зауытының пеші іске қосылды, алғашқы өнімді жыл аяғына дейін шығару жоспарлануда. Бірінші кезектегі жұмыс - шихта дайындау болып табылады. Яғни, шыны шығару үшін қолданылатын біртекті массасы бар арнайы шикізат қоспасы. Бастапқы кезеңде бұл қоспаны сырттан жеткізудеміз. Одан кейін, келер жылдың басында - жергілікті шикізат пайдаланылып, оның ішінде байытылған кварц құмын Арал ауданындағы байыту комбинатынан жеткізілетін болады.