«2020-2025 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы»
«2020-2025 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 13.09.2022, 10:00
- 13.09.2022, 17:00
Нуралиева Аружан 13.09.2022, Сұрақ нөмірі: 11285
Шыны зауытының маңынан ілеспе зауыттар салынатыны туралы БАҚ-да айтылып келеді. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
Қызылорда облысы 13.09.2022
Алдағы уақытта шыны зауытының айналасында шағын, орта кәсіпкерліктің белдеуін дамыту жоспарлануда. Жаңа өнім түрлерін шығаратын 8 кәсіпорын ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 3 жоба бойынша жұмыстар басталды (шыны-талшықты - композиттік материалдар, айна, смартфондармен планшеттерге арналған ультражұқа шыны), 5 жобаға инвестор іздестірілуде. Инвестор тарту, жобаларды іріктеу мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвесторлардың қатысуымен «Қызылорда» инвестициялық және талдау орталығы» құрылуда. Осы ретте, «Байқоңыр» корпорациясының Өңірлік даму институты ретіндегі жұмысын күшейтеміз, инвесторларды тартуға және қолдауға баса назар аударатын боламыз.