«Қызметтің негізгі бағыттары бойынша»

Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Р.Ю.Ким интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 15.09.2022, 09:00
  • 15.09.2022, 18:00

Әбдіғапар Дінмұхамед 15.09.2022, Сұрақ нөмірі: 11295

  • 0

Қайырлы күн! Егер мемлекеттік қызметші мас күйінде көлік жүргізіп, қоғам тарапынан сынға ұшырағаны үшін Әдеп кодексі талаптарын бұзды деп тәртіптік жауапкершілікке тартылған болса, жоғары лауазымға тағайындалуға кедергі келтіре ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.September.2022, 16:15

Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.