«Қызметтің негізгі бағыттары бойынша»
Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Р.Ю.Ким интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 15.09.2022, 09:00
- 15.09.2022, 18:00
Әбдіғапар Меруерт 15.09.2022, 16:32, Сұрақ нөмірі: 11300
Саламатсыз ба, мен мемлекеттік қызметшімін. Мен жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен маған бір ай бұрын «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта мен конкурс негізінде жеңімпаз ретінде танылып, басқа мемлекеттік органға жұмысқа кеткелі жатырмын. Менің тәртіптік жазам жаңа мемлекеттік органға барғанда алына ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.September.2022, 17:52
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет! ҚР Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 83 тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтен шыққан күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза оның мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған күнінен бастап алынған болып саналады.