Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 16.09.2022
- 16.09.2022, 18:00
Кенжеахметова Маржанкул 16.09.2022, 14:59, Сұрақ нөмірі: 11302
Сәлеметсізбе! Мен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жұмыс істеймін. Облыс орталығына ауысу тәртібімен орналаса аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.September.2022, 16:25
Қайырлы күн! Сіздің жағдайыңызда "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу мемлекеттік органның ішінде тең лауазымға немесе мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай, Сіз тек өзіңіз қызмет атқарып отырған мемлекеттік органның ішінде ғана ауысу тәртібі жүзеге асырылады. Басқа мемлекеттік органға тағайындау бос орынға жарияланған конкурстық процедуралар нәтижесінде анықталады.