Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 16.09.2022
- 16.09.2022, 18:00
Карамурзина Гульнара 16.09.2022, 17:17, Сұрақ нөмірі: 11313
1. Мемлекеттік қызметке түскен сон қанша уакыттан кейін басқа мемлекеттік қызметке ауысуға болады?
2. Сынақ мерзімі уақытында басқа мемлекеттік қызметке ауысу үшін конкурсқа қатыса аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.September.2022, 17:28
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Осыған байланысты, сынақ мерзімінен өтуіне қарамастан арнайы тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда, басқа мемлекеттік лауазымға конкурсқа қатысуға болатынын хабарлаймыз.