Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 16.09.2022
- 16.09.2022, 18:00
Карамурзина Гульнара 16.09.2022, 17:19, Сұрақ нөмірі: 11316
Мемлекеттік қызметті атқарып жүріп, басқа жарияланған бос мемлекеттік қызмет орындарына жарияланған конкурстарға қатысуға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.September.2022, 17:31
Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 10-тармағына сәйкес конкурсқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. Соныменқатар, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс (Заңның 17-бабы 1-тармағы). Осыған орай, біліктілік талаптарына сай болған жағдайда, Сіз мемлекеттік лауазымға орналасуға арналған конкурстарға қатыса аласыз.