Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 16.09.2022
- 16.09.2022, 18:00
Сәбит Айман 16.09.2022, 17:22, Сұрақ нөмірі: 11320
Сәлеметсізбе! Конкурстың әңгімелесу барысында қандай сұрақтар қоюы мүмкін?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.September.2022, 17:33
Қайырлы күн! Сіздің сауалыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз. Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу қағидаларының 26-тармағына сәйкес конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, конкурс сұрақтарының бағыттарын қалыптастырады. Осыған орай, әңгімелесуде лауазымның фунционалды міндеттеріне қатысты сұрақтар қойылады. Бұл ретте, лауазымның фунционалды міндеттері конкурс туралы хабарландыруда жарияланады.