«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, әдеп жөніндегі уәкілдер, әдеп жөніндегі комиссияның жұмысы туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 21.09.2022, 10:00
- 22.09.2022, 17:00
Ахатаева Жанерке 21.09.2022, 15:58, Сұрақ нөмірі: 11324
Арнайы орта біліммен мемлекеттік қызметке кіруге болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.September.2022, 11:59
Мемлекеттік қызметте орта кәсіптік білім беруге рұқсат етілетін белгілі бір лауазымдар бар. Атап айтқанда: С-О-6 санатына жатқызылған - жетекші маман, кеденнің жетекші маманы, кеден бекетінің жетекші маманы, облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы лауазымдары; С-R-4 санатына жақтызылған – бас маман, аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы лауазымдары; С-R-5 санатына жақтызылған – жетекші маман, аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы лауазымдары; D-5, D-О-5, Е-5, E-G-4, E-R-5 санатына жақтызылған – жетекші маман лауазымдары; D-О-6, санатына жақтызылған – маман лауазымы; Е-4, E-R-4 , E-G-3 санатына жақтызылған – бас маман лауазымы; E-R-1 санатына жақтызылған – аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері лауазымдары. Бұл ретте, аталған санаттардың ішінде жұмыс тәжірибесі талап етілетін лауазымдар санаттары бар екенін жеткіземіз.