«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, әдеп жөніндегі уәкілдер, әдеп жөніндегі комиссияның жұмысы туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 21.09.2022, 10:00
- 22.09.2022, 17:00
Джузбаева Сандугаш 21.09.2022, 16:45, Сұрақ нөмірі: 11325
Мемлекеттік қызметке тұру үшін мемлекеттік тілді білу міндетті ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.September.2022, 11:59
Мемлекеттік қызметке орналасу үшін заңнамаларды білуге арналған тестілеумен бірге мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ, ұзақтығы 20 минут ) қамтылғанын ескеру қажет. Дегенімен, мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеудің шекті мәні (пороговое значение) белгіленбеген. Алайда, мемлекеттік қызметте іс-жүргізу негізінен мемлекеттік тілде жүргізілетінін ескеру қажет деп есептейміз.