«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, әдеп жөніндегі уәкілдер, әдеп жөніндегі комиссияның жұмысы туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 21.09.2022, 10:00
- 22.09.2022, 17:00
Нусипова Айгерим 22.09.2022, 09:15, Сұрақ нөмірі: 11326
Бұрын соңды мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенмін, тәжірбием жоқ.
Сұрағым: 1. Мемлекеттік қызметке кіру үшін неден бастауым керек?
2. Мемлекеттік қызметке жаңадан тұрған қызметкерге мекеме тарапынан қандай көмек көрсетіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.September.2022, 11:57
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға сәйкес, әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үш кезеңнен тұрады. 1-кезең - ҚР Заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өту; 2-кезең – Жеке қасиеттері мен құзыреттерінңің бағалауы бойынша тестілеуден өту; 3-кезең – Мемлекеттік органдардың конкурс отырысында әңгімелесуден өту. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін аталған кезеңдерден өтуіңіз қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында мемлекеттік органдардағы бос лауазымдар туралы толық ақпарат ала аласыз. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы төменгі санаттардағы лауазымдарға, жоғары білімініз болған жағдайда, қандай да бір еңбек өтілінсіз орналасуға мүмкіндігіңіз бар. Орта білімнен кейінгі кәсіптік біліміңіз болған жағдайда, белгілі бір санаттарға еңбек өтілі талап етіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтарды мемлекеттік қызметке бейімдей мақсатында, оларға тәлімгер бекітіледі. Тәлімгер – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған, сынақ мерзімінен өтуші азаматтарға қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға және кәсіби дайындауға көмек көрсететін тұлға болып табылады.