Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау сұрақтары бойынша
Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау сұрақтары бойынша
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 22.09.2022, 10:00
- 22.09.2022, 18:30
Касымова Камила 22.09.2022, 11:36, Сұрақ нөмірі: 11328
Кандидат ретінде бос әкімшілік лауазымға конкурсқа құжаттар тапсырдым. Қорытындысында басқа кандидат лауазымға тағайындалды. Бұл жағдайда, конкурстық комиссия шешімінің ашықтығына күмәнім бар. Қайда шағымдануға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.September.2022, 11:44
Сәлеметсіз бе! мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің шешіміне шағымдана алады. Бұл ретте, мемлекеттік органмен өткізілген конкурс қорытындысының ашықтығына күмәніңіз болса және конкурс Ұлытау облысы аумағында өткізілген жағдайда Сіз өз азаматтық ұстанымыңызды көрсете отырып Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне шағым білдіре аласыз. Біздің мекенжай Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, телефон 8-705-683-68-63.