Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау сұрақтары бойынша
Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау сұрақтары бойынша
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 22.09.2022, 10:00
- 22.09.2022, 18:30
Сарсембаева Айгерим 22.09.2022, 17:00, Сұрақ нөмірі: 11337
Жалға алған жер телімін жеке меншікке қалай ресімдеуге болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.September.2022, 18:31
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 163 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің сақталуына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Сіздің тарапыңыздан көтерген мәселені қарау Департамент құзыретіне кірмейді. Осыған сәйкес, Сізге аталған мәселе бойынша Ұлытау облысының ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жүгінуіңіз қажет екенін хабарлаймыз.