«Мәдениет саласының 2022 жылы атқарған жұмыстары және мерейтойлық іс-шаралар туралы»
«Мәдениет саласының 2022 жылы атқарған жұмыстары және мерейтойлық іс-шаралар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 14.10.2022, 10:00
- 14.10.2022, 17:00
Әмірбеков Медет 14.10.2022, 11:21, Сұрақ нөмірі: 11353
Нұрлыбек мырза, Президент балалар жылында тегін үйірмелерді көбейту қажет деп тапсырды. Шығармашлық тапсырыс бойынша шілде-тамыз айларындағы қаржы жетіспеушіліктен туындаған мәселе жыл аяғында жалғасын таппасына кепілдік бере аласыз ба?
Қызылорда облысы 14.October.2022, 11:32
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Артспорт» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама 2021 жылдың мамыр айында іске қосылып, облыста алғашқы спорт секциясы 25 маусым күні және шығармашылық үйірме 15 тамыздан өз жұмысын бастады. 2021 жылы 228,0 млн теңге қаржы жұмсалып, 29 өнім беруші жұмыс жасап оларда 7315 бала қамтылды. 2022 жылы өтінімдердің саны күрт өсіп 112 өнім берушілер жұмыс жасауда, оларда 23210 бала қамтылған. Шығармашылық тапсырыс бойынша 60 өнім берушімен 41 жанрда 412 үйірме жұмыс жасауда. 2022 жылғы бекітілген бюджетте 939,8 млн теңге қаралса, бюджетті нақтылау барысында кезең-кезеңімен мамыр, қыркүйек айларында қосымша 800,0 млн теңге бөлінді. Сонымен барлығы 1740,0 млн теңге қаржы қаңтар-шілде айларының қажеттілігін өтеуге ғана жетті. Бюджеттің мүмкіндігі және қаралған қаражат көлемі ескерілместен ваучерді тіркеу жұмыстары үздіксіз жүргізілген. Нәтижесінде бюджет қаражатының тапшылығы орын алды. Ваучер тіркеу 2022 жылғы 24 ақпанда тоқтатылғанымен оған дейін қабылданған (міндеттеме алынған) өнім берушілерді қаржыландыру үшін жыл соңына дейін 2,6 млрд теңге қажеттілігі туындады. Бұл өткен жылғы жұмсалған қаражаттан 17 есеге көп. Бағдарламаны жыл аяғына дейін қамтамасыз ету үшін тамыз-желтоқсан айларына (5 айға) шамамен 1 млрд 605 млн теңге қажет. Қалыптасқан жағдайға байланысты кәсіпкерлер қызметіне қаржы төлеу жыл соңына дейін бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.