«Мәдениет саласының 2022 жылы атқарған жұмыстары және мерейтойлық іс-шаралар туралы»
«Мәдениет саласының 2022 жылы атқарған жұмыстары және мерейтойлық іс-шаралар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 14.10.2022, 10:00
- 14.10.2022, 17:00
Төребек Абылай 14.10.2022, 13:10, Сұрақ нөмірі: 11356
Мәдениет және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінде зейнет жасынан асқан қызметкерлер әлі жұмыс істеуде. Неге жастарға орын босатпайды?
Қызылорда облысы 14.October.2022, 13:19
ҚР Еңбек Кодексінің 30-бабы, 5 тармағында "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1- тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, осы баптың 1-тармағы, 2) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз жыл сайын ұзартылуы мүмкін делінген. Осыған орай, спорт саласындағы жоғары тәжірибесі мен біліктілігі бар қызметкермен еңбек шартын ұзарту жасалған.