Әлеуметтік сала бағыты
Әлеуметтік сала бағыты бойынша көрсетілетін қызметтер
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 20.10.2022, 10:00
- 20.10.2022, 18:00
Мухтаров Мадияр 20.10.2022, Сұрақ нөмірі: 11367
Мүгедектігі бар туысыма Қарағандыда автобуста тегін жеңілдікпен жол жүру құқығы бар ма? қалай алуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.10.2022
Сәлеметсіз бе. Қарағанды қаласында мүгедектігі бар барлық азаматтар қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру құқығына ие бола алады. Жеңілдік мәртебесін алған адамдарға көлік картасын (әлеуметтік карта) жасату және алу үшін жолдаманы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен (Поспелова к-сі, 16) немесе «Open-Karaganda» фронт-офисі (Н.Назарбаев даңғылы, 39 Қарағанды қаласы әкімдігіні ғимараты) алу қажет. Ол үшін туысыңыз өзімен бірге 3*4 фотосурет, жеке куәлік, "Қазпочта" АҚ банк шотының нөмірі, зейнетақы және жәрдемақы мөлшері мен түрлері туралы анықтамасын тапсырады. Осыдан кейін, «ONAY» электрондық картасын рәсімдеуге және алуға осы жолдаманы келесі мекенжайлар бойынша тапсыруға болады: - «ONAY» қызмет көрсету орталығы: Коммунальная көшесі, 3 (Чкалов аялдамасы); - Фронт офис-Open Karaganda: Н.Назарбаев даңғылы, 39; - «Мечта» СҮ: Гүлдер1 шағынауданы, 2а; - «Ұмай» СҮ: К.Маркс көшесі, 9; - «Молодежный» МҮ: Металлистов көшесі, 24/2. Анықтама телефондары. 8 (7212) 30-01-69, 30-00-64,30-02-28.