Әлеуметтік сала бағыты
Әлеуметтік сала бағыты бойынша көрсетілетін қызметтер
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 20.10.2022, 10:00
- 20.10.2022, 18:00
Садыков Берик 20.10.2022, 15:05, Сұрақ нөмірі: 11368
Инвалидтерге арналған таксиге қалай жүгінеміз қандай құжаттар қерек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.October.2022, 15:15
Қайырлы күн. Мүгедектерге инватакси қызметін ұсыну үшін мүгедектікті белгілеу мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Қызметтер кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жеке көмекшінің қызметтерін алатын 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, Аутист диагнозы барларға (РАС) көрсетіледі. Қызметті алу үшін мүгедек инватакси қызметтерін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 1) өтініш (еркін нысанда); 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы; 4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.