«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»

«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 21.10.2022, 11:00
  • 21.10.2022, 16:00

Азербаева Гулжан 21.10.2022, 14:20, Сұрақ нөмірі: 11376

  • 0

Қайырлы күн Тоқтамыс Қадошұлы! Сіздің департаментке қандай мәселелер бойынша шағымдануға болады?..

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.October.2022, 14:25

Құрметті Гүлжан Азербаева! Интернет-конференцияға қатысқаныңызға алғысымды білдіремін. Аумақтық департаментке мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы және мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерін сақтау мәселелері бойынша шағымдануыңызға болады. Шұғыл желінің телефон нөмірі 8/7292/ 30-36-43.