«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ
35 жасқа дейінгі жастарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша «Жетісу жастары: 0-5-25» бағдараламасын жүзеге асыру
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 26.10.2022, 11:00
- 26.10.2022, 16:00
Айт Дамира 26.10.2022, 11:15, Сұрақ нөмірі: 11381
Бүгінгі күні кез келген жасқа қаржы жинап, баспана алу оңай дүние емес. Әсіресе, диплом иеленіп, енді ғана кәсіби маман атанған жастар үшін үй мәселесі қиынға тиеді. Жас мамандарға жеңілдікпен баспана алуға мүмкіндіктер бар ма?
Жетісу облысы 26.October.2022, 11:31
Қайырлы күн! 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар қатыса алады. Бұл бағдарлама төмен пайызымен ерекше. Яғни, 10 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй несиесі жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі 25 жылға дейін, ол несие алушының төлем қабілетіне қарай жеке-жеке есептеледі. Бастапқы жарна – 0 пайыз. Бұл бағдарламаға әкімдік 400 млн тенге бөлді. Қатысушыларға жаңа және екінші нарықтағы баспананы да сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.