Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.10.2022, 10:00
- 28.10.2022, 17:00
Кеңесқызы Аяулым 28.10.2022, 11:22, Сұрақ нөмірі: 11383
Қайырлы күн, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшіге қатал жаза қолданылатындығы белгілі.
Өз кезегінде, осындай бұзушылық жасаған қызметшілерге қатысты қандай шектеулер заңмен белгіленген?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.10.2022
Сәлеметсіз бе. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшіге қатысты шектеулер көзделген. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді.