Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.10.2022, 10:00
  • 28.10.2022, 17:00

Алишева Оксана 28.10.2022, 14:48, Сұрақ нөмірі: 11386

  • 0

Саламатсыздар ма. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасап. Одан шыгып. 1 ай ішінде мемлекеттік қызметке конкурсқа катысу үшін мемлекеттік тесттен қайтадан өту керек пе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.October.2022, 15:25

Сәлеметсіз бе. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы. Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды. Бұл ретте мемлекттік органның ішкі конкурсына осы мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы. Бұдан бөлек аталған Заңның 27-бабы 9-тармағына сәйкес конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.