Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша

Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 02.11.2022, 10:00
  • 02.11.2022, 17:00

Зекен Әділхан 02.11.2022, 14:42, Сұрақ нөмірі: 11397

  • 0

Қайырлы күн! Мен жоғары оқу орнын бітіріп, мемлекеттік қызметке тұруды көздеп жатырмын, уәкілетті органның парақшасындағы бос лауазымдарға жарияланып жатқан жалпы конкурсқа құжат тапсырайын деген едім, алайда керекті құжаттардың ішінде білімім туралы құжаттар және олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін беру қажет. Менің жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломыма қосымшасын жоғалтып алған болатынмын. Конкурсқа қатысу үшін тек жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның түпнұсқасын ұсынсам болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.November.2022, 15:01

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының (әрі қарай – бұйрық) 70-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері тапсырылады. Сонымен қатар, бұйрықтың 80-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Осыған байланысты дипломды оған қосымшасыз беру оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.