Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 03.11.2022, 09:00
- 03.11.2022, 18:30
Самрат Махаббат 03.11.2022, 11:34, Сұрақ нөмірі: 11401
Жоғары лауазымға ауысу үшін төменгі лауазымда қанша уақыт жұмыс істеуім керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.November.2022, 11:38
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.