«Цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы»
«Цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 04.11.2022, 10:00
- 04.11.2022, 17:00
Бейсенбайұлы Нұрсұлтан 04.11.2022, 10:51, Сұрақ нөмірі: 11402
Қала тұрғындары мен қонақтары қолданатын қала туралы маңызды ақпарат алуға болатын қандай сайт немесе қосымшалар бар?
Қызылорда облысы 04.November.2022, 11:35
Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. «Smart Qyzylorda» біріктірілген ақпараттық жүйесі - қаланың тұрғындары мен қонақтарының қоғамдық өміріне ыңғайлы болу үшін біртұтас біріктірілген жүйе арқылы түрлі салалардағы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жүйе қаланың халқы мен бизнесіне білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, ойын-сауық, туризм және коммерциялық қызметтер саласында ақпараттық, интерактивті және транзакциялық қызметтер ұсыну, сондай-ақ жоспарланған реформалар мен оқиғалар туралы кері байланыс алу үшін әзірленген. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 66-сервис қолжетімді: - Жедел қоңыраулар; - DamuMed; -Әлеуметтік төлемдер мәртебесін тексеру; -Әкімшілік айыппұлдарды іздеу; -Салық берешегін тексеру; -Жер және тұрғын үй кезегінің нөмірін тексеру; -Санитарлық кітапшалар мен уақытша еңбекке жарамсыз парақтарын тексеру; -Көлік құралдарын тексеру; - жылдамдық өлшегіштердің мекен-жайы; - теміржол, әуе билеттерін сатып алу; -жол жүру айыппұлдарын төлеу, коммуналдық төлемдерді төлеу, салық төлеу, бірыңғай жиынтық төлем жасау; - «Белсенді азамат»; - Cайлау учаскесін анықтау. Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді: Google play: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda APP store: https://apps.apple.com/ru/app/smartqyzylorda/id1469515789