«Цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

«Цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 04.11.2022, 10:00
  • 04.11.2022, 17:00

Кеңесов Абдулла 04.11.2022, 13:01, Сұрақ нөмірі: 11405

  • 0

Нұрлыбек Машбекұлы, Облысымызда жас IT мамандарға әкімдік тарапынан қолдау бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

Қызылорда облысы 04.November.2022, 13:09

АКТ саласында стартап жобаларды қолдау және дамыту мақсатында Қызылорда қаласында 2018 жылдан бастап ІТ-парк жұмыс жасайды. ІТ-парк VR/AR технологиялары бойынша зертханалық симуляторларда, контроллерлерде және бейнепанельдерде 2D және 3D графикалық жобаларды дайындау және тестілеу, ІТ жобаларын дамыту және технологиялық тиімділігін арттыру үшін коворкинг орталығының қызметін ұсыну, ІТ саласында әртүрлі бағдарламалар бойынша оқыту курстарын өткізу мақсатында құрылды. IT-парк құрал-жабдықтары қызығушылық танытқан облыс жастарына өз идеяларын жүзеге асыру үшін және бейне-ойындар, 3D-модельдеу, VR-ойындар, робот құрастыру қабілеттерін дамыту үшін тегін пайдалануға ұсынылады. 2022 жылдың ақпан айынан бастап ІТ-парк резиденттері, яғни «GRAND master» бағдарламалау мектебі» ЖШС-гі, «Qod Design», «ART Software», «ТТ Games», 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына тегін бағдарламалау курстарын (3D-моделдеу, компьютерлік графика, web-дизайн, графикалық дизайн) өткізіп жатыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы орталықта Қызылорда қаласы бойынша жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарымен дуальды оқыту жүйесінде практика сабақтары өткізіліп, нәтижесінде 180 студент оқытылды. Ic-шараларға тоқталып өтсек: 23 қазан күні «Smart City Kyzylorda Hackathon» идеялар байқауы өтті. Төртінші рет өткізілген байқауға 270 қатысушы мен 100-ге жуық жоба тіркелді. Қараша айында жастарға технологиялар аясындағы мүмкіндіктерді, ІТ бағытындағы жаңалықтар мен тың идеяларды таныстыру мақсатында «Pecha Kucha Night Kyzylorda» шарасы өтеді. Іс-шара аясында сөз алған спикерлер өз салаларының кәсіпқойлары болып табылады. 7 спикер 20Х20 форматы негізінде 7 түрлі бағыттағы тақырыпта сөйлеп, өз ақыл-кеңестерімен бөлісетін болады. Іс-шараның бірінші кезеңі облысымыздың жалынды жастарына, яғни оқушылар мен студенттерге бағдарланған болса, екінші кезеңінде қаламыздың кәсіпкерлері мен ірі IT-компаниялары өз өнімдерін таныстырады, қызығушылық танытқан барша қала тұрғындары қатыса алады. Алдағы уақытта желтоқсан айында HackDay форматында INNOFEST жобасы өткізілетін болады.