«Цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

«Цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 04.11.2022, 10:00
  • 04.11.2022, 17:00

Дүйсен Нұргүл 04.11.2022, 13:08, Сұрақ нөмірі: 11406

  • 0

Саламатсыз ба, Нұрлыбек Машбекұлы! Сізге ата-ана ретінде сұрақ қойғым келіп еді. Cоңғы уакытта түрлі оқиғалар орын алып жатады. Осыған сәйкес балалардың қауіпсіздігіне байланысты Сіздердің тараптарыңыздан қандай шаралар қабылданып жатыр?

Қызылорда облысы 04.November.2022, 13:10

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін арттыру және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, облыс бойынша 294 мемлекеттік мектеп бар, оның ішінде: - 294 мектеп (100%) бейнебақылау камераларымен қамтылған, - 225 мектеп (76,5%) камералары ЖБО-на қосылған; - 170 мектепте (58%) турникет орнатылған; - 97 мектепте (33%) дабыл батырмалары орнатылған; - 45 мектеп (15%) мамандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген. 2022 жылы 35 аудан/ауыл мектептерінде бейнебақылау камераларын орнатуға қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік 26 мектепке бейнебақылау камералары орнатылып, қалған мектептерге орнатылғаннан кейін камераларды Полиция департаметінің Жедел басқару орталығына қосу жоспарланған. Онымен қоса қазіргі таңда «Күнделік.Трекер» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған трекер арқылы балаңыздың жүріп-тұру қозғалысын бақылай аласыз. Оқушы қосымша арқылы жедел қызметтерге қоңырау шала алады. Бұл уақытта ата-аналар көмектесу үшін қайда бару керек екендігін білетін болады. Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді: Google play: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.kundelik.tracker&hl=kk&gl=US App store: https://apps.apple.com/ru/app/%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA-tracker/id1527984503