«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 4
  • 11.11.2022, 15:00
  • 11.11.2022, 17:00

Әмірбек Бақдәулет 11.11.2022, 15:48, Сұрақ нөмірі: 11417

  • 0

Мен 3 бағдарлама бойынша тестілеуден өткенмін, жұмысқа қалай тұруға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.November.2022, 16:01

Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жалпы конкурстардың өткізілуі туралы хабарландырулар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/vacancies) орналастырылады. Хабарландыруларда еңбек шарты, жұмыс өтілі мен білімі бойынша талаптар көрсетіледі. Осыған орай, тиісті жұмыс тәжірибеңіз, құзыреттеріңіз бен біліміңіз болған жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатыса аласыз. Конкурсқа құжаттарды «Электрондық үкімет» порталы, хабарландыруда көрсетілген электронды пошта арқылы немесе конкурсты жариялаған мемлекеттік органға қолма-қол тапсыруға болатынын хабарлаймыз.