Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қ.Т. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 22.11.2022, 09:00
  • 22.11.2022, 18:00

Арызбаева Балнұр 22.11.2022, 09:30, Сұрақ нөмірі: 11427

  • 0

Қайырлы күн! Жетісу облысы әкімінің аппаратына бас маман лауазымына қатысу үшін қандай бағдарламамен тест тапсыруым қажет?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.November.2022, 09:34

Қайырлы күн! «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады. Жетсу облысы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына (D-4 санаты) орналасу үшін екінші бағдарлама бойынша тестілеуден өтуіңіз қажет. Екінші бағдарлама бойынша: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер. Тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (115 сұрақ) кем дегенде 69 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.