«Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы»
«Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 25.11.2022, 11:00
- 25.11.2022, 18:00
Акбаева Айдана 25.11.2022, 11:04, Сұрақ нөмірі: 11445
Саламатсыз ба! Мемлекет тарапынан өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылымдарды тарту жеңілдіктері бар ма?
Қызылорда облысы 25.November.2022, 16:02
"2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкелікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікпен индустриялық аймақтардың жобаларына өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қарастырылған. Жетіспейтін инфрақұрылым ұлттық жоба шеңберінде жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканың басым секторларындағы, өңдеу өнеркәсібінің салаларындағы жобаларына жеткізіледі. Бөлінетін қаражат су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газды құрылғылар инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-нан аспауға тиіс. Тиісті қолдау шараларын алу үшін мына құжаттар ұсынылу қажет: 1) бизнес-жоспар; 2) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі; 3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама. Тапсырылған құжатты 5 (бес) жұмыс күні ішінде өңірлік үйлестіруші кеңесімен қаралатын болады.