«Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы»
«Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 25.11.2022, 11:00
- 25.11.2022, 18:00
Ізбасар Салтанат 25.11.2022, Сұрақ нөмірі: 11448
Саламатсызба! Кәсіпкерлікті қолдау бағытында қандай мемлекеттік бағдарламалар бар?
Қызылорда облысы 25.November.2022, 16:04
Кәсіппен айналысу үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары кеңінен іске асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде субсидия, гарантия және жаңа-бизнес идеяларды іске асыру үшін жыл сайын 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беріледі. Сонымен қатар, қаржылай қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдікпен несие беру қарастырылған. Мемлекеттік қолдау шаралары экономиканың барлық секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қаралған. Атап айтқанда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы кепілдікке мүлік ұсыну негізінде 7 млн.теңгеге дейін жылдық 6 пайызбен жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы экономиканың барлық салаларына 6 пайызбен 20 мың АЕК жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі бар. Толығырақ ақпаратты алу үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жүгінуге немесе 8(7242) 60-54-08 нөмірі арқылы байланысуға болады.