Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 25.11.2022, 16:00
- 25.11.2022, 19:00
Әмірбек Ернұр 25.11.2022, 16:02, Сұрақ нөмірі: 11449
Үй салайын деп едім, бірақ үй салу үшін жер алуға кезекке тұру керек екендігін естідім. Осы орайда жер учаскесін алуға кезекке қалай тұруға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.November.2022, 16:05
Сұрағыңызға рахмет! «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Өз кезегінде, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларына» сәйкес көрсетіледі. Аталған қағида талаптарына сәйкес (egov.kz) электронды үкімет порталында электронды цифрлық қолтаңбаңызды пайдалану арқылы жер учаскесін алу үшін кезекке тұруыңызға болады.