«Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы»

«Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 25.11.2022, 11:00
  • 25.11.2022, 18:00

Ибраев Кенжебек 25.11.2022, 16:50, Сұрақ нөмірі: 11453

  • 0

Мемлекеттік қайтарымсыз грант негізінде қандай бағдарламалар жүзеге асырылады?

Қызылорда облысы 25.November.2022, 16:53

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК және 5 млн. теңгеге дейін екі бағытта конкурстық іріктеу негізінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріледі. Гранттар беру жөніндегі конкурстар жыл көлемінде ұйымдастырылып, алдын ала конкурстық іріктеу туралы хабарландыру "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде, Басқарманың фэйсбуктегі әлеуметтік парақшасында және gov.kz мемлекеттік органдардың интернет ресурсында жарияланады.