Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 25.11.2022, 16:00
- 25.11.2022, 19:00
Балықбай Төленді 25.11.2022, 18:16, Сұрақ нөмірі: 11455
Менің мынадай сұрағым баре еді, қандай жағдайларда және қандай негіздерде тұрғын үй алуға кезекке қоюдан бас тартуы мүмкін?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.November.2022, 18:17
Тұрғын үйді ұсыну үшін есепке қоюда сізге егер азаматтың соңғы 5 жыл ішінде мынадай жолдармен өз тұрғын үй шарттарын әдейі нашарлату нәтижесінде мұқтаж болғаны белгіленсе бас тартуы мүмкін: • тұрғын орынжайды айырбастау; • тұрғын үйді «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 98-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган сатып алған жағдайдан басқа кезде, ҚР сол немесе басқа елді мекенінде тұрғанына қарамастан, оған меншік құқығында тиісті тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығару; • тұрғын үйді оның кінасы бойынша бұзу немесе бүлдіру; • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе баспанадан мұқтаж болмаған тұрғын үйден шығу; • жұбайы, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-анасынан басқа тұлғаларды қоныстандыру. •