«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен күшейту мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. 2014 жылы Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жас мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынатын қағидаларды әзірледі.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 02.12.2022, 10:00
  • 02.12.2022, 18:00

Хайруллина Сауле 02.12.2022, 16:57, Сұрақ нөмірі: 11459

  • 0

Маман көрші ауылдан емес, міндетті түрде қаладан келуі керек пе?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі 02.December.2022, 17:03

Егер маман ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету Қағидаларын (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрық) талаптарына сәйкес келсе, сондай-ақ маман дипломы бойынша тиісті салада жұмыс істеген жағдайда, маман әлеуметтік қолдау шараларын (көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға немесе сатып алуға бюджеттік кредит) алуға үміткер бола алады.