«Мемлекеттік қызметке кіру мәселелері» тақырыбы бойынша интернет конференция
Азаматтар мемлекеттік қызметке кіру мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 07.12.2022, 15:00
- 07.12.2022, 17:00
Баянбаев Жанарбек 07.12.2022, 16:44, Сұрақ нөмірі: 11468
Қайырлы күн! Өкілеттігі мерзімі аяқталуына байланысты қызметінен босатылған ауылдық округ әкімі, мемлекеттік қызметке қайта орналасу үшін тест тапсыру қажет пе ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.December.2022, 09:42
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сəйкес «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.