«Қызылорда облысында бұқаралық және балалар спортының даму барысы туралы»
«Қызылорда облысында бұқаралық және балалар спортының даму барысы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 09.12.2022, 10:00
- 09.12.2022, 17:00
Жаппасбаев Алибек 09.12.2022, 11:32, Сұрақ нөмірі: 11470
Қайырлы күн, Құрметті Нұрлыбек Машбекович!
2021 жылдың мамыр айынан басталған мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 2022 жылға 7500-ге жуық балалар мен жасөспірімдер спорт секцияларымен қамтылып, қаржыландырылып келеді.
Осыған орай, алдағы 2023 жылға аталған спорт секцияларымен ауылдық елді-мекендердегі жасөспірімдерді қамту жоспарда бар ма?
Қызылорда облысы 09.December.2022, 11:48
Мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыру үшін artsport.edu.kz порталы арқылы өнім берушілер тапсырыс береді. Сондықтан ауылдық елді-мекендердегі өнім берушілердің қызығушылықтарына орай өтініштер келіп түскен жағдайда, нормативтік құқықтық актілер негізінде талаптарға сәйкес жоспарланған қаржы көлемінде кедергісіз қабылданатын болады.