«Қызылорда облысында бұқаралық және балалар спортының даму барысы туралы»
«Қызылорда облысында бұқаралық және балалар спортының даму барысы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 09.12.2022, 10:00
- 09.12.2022, 17:00
Романкулова Гульсим 09.12.2022, 16:43, Сұрақ нөмірі: 11473
Құрметті Нұрлыбек мырза, облыс тарихында шахматтан Әсел Серікбай алғаш гроссмейстер атағын орындап, өңір мерейін асқақтатқаны өзіңізге белгілі. Қазіргі таңда аталған спорт түріне деген халықтың қызығушылығы артып, шұғылданушылар саны көбеюде. Осы жетістікті еселеу үшін Қызылорда қаласынан шахмат академиясы немесе спорт клубын ашу жоспарда бар ма?
Қызылорда облысы 09.December.2022, 16:52
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Атырау облысына іс-сапар кезінде спорттың қолжетімді түрлерін, оның ішінде шахматты дамыту қажеттігін атап айтқан болатын. Сонымен қатар, өңір шахматының нәтижесі де жоғары дәрежеде. Осыған орай, облыстық мәдениет және спорт басқармасына шахмат академиясын ашу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізуге тапсырма берілді. Қазіргі таңда басқарма тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда, бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.