Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 0
- 09.12.2022, 10:00
- 09.12.2022, 17:00
Айтжанова Айтолы 09.12.2022, 16:48, Сұрақ нөмірі: 11474
Мемлекеттік қызметшілерге өзгерістер енгізілген Әдеп кодексі талаптарына сәйкес, көңіл көтеру орындарына баруға бола ма?
КАБДРАШОВ АЙБАР 09.12.2022, 17:26
Сұрағыңызға рақмет! Айтжанова Айтолы. Мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексінесәйкес, қандай да бір ойын-сауық орындарына баруға тікелей тыйым салынбаған. Алайда, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Сондай-ақ, аталған кодекспен мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу,өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмау талаптары қойылған.