Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 0
- 09.12.2022, 10:00
- 09.12.2022, 17:00
Сапаров Тимур 09.12.2022, 16:50, Сұрақ нөмірі: 11476
Тұрғын үйге жер алу үшін кезекке тұруға қалай өтініш беруге болады?
КАБДРАШОВ АЙБАР 09.12.2022, 17:24
Сұрағыңызға рақмет Тимур Сапаров "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімшіліктері көрсетеді. Жер алу үшін кезекке тұруға жоғарыда аталған жергілікті атқарушы органдарға , яғни қалалардың кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктеріне қағаз түрінде немесе электрондық түрде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінім беруге болады. Әкімшіліктерге қағаз түрінде жүгінген жағдайда: 1) нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін сұратылады); "Электрондық үкіметтің" веб-порталыарқылы жүгінген жағдайда: 1) Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (ЭЦҚ) жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш жібере аласыз. Мемлекеттікқызметкөрсетумерзімі12 (он екі) жұмыскүні.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде Сізге жер учаскесін алу үшін кезегінеқойғаны туралы хабарлама немесебас тартылғандығы туралы уәжді жауап беріледі.